Қыдырғали Оңғарбаев бастаған шардаралықтар Швецияда үш алтынға ие болды

745
армрестлинг

Швецияның Эскильстун қаласында қол күресінен ХХVII «Golden arm» халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан намысын Оңтүстік Қазақстан облыстық «Шардара армспорт» клубының спортшылары қорғады. Бұл туралы «Аламат» сайты жазады.

армрестлинг

Сонымен, өңіріміздің спортшылары халықаралық сайыста үш рет Қазақстан әнұранын шырқатты. Алдымен 70 келі салмақта Кайырхан Шамиев алтын медальға ие болса, 78 келідегі спортшылар арасында Мағжан Шамиев чемпион атанды.

Ал ауыр салмақта қазіргі әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев қарсылас шақ келтірмей, турнир чемпионы атанды. Жарыс соңында абсолютті салмақта жарысқа қатысқан Мағжан Шамиев пен Қыдырғали Оңғарбаев финалда жолығып, Оңғарбаев жеңіске жетті. Енді, бұйыртса, спортшыларымыз 18-20 наурызда Индонезияда өтетін турнирге барады.