Еңбекші аудандық соты 2015 жылды қорытындылады

702
Еңбекші аудандық соты

2015 жылы Еңбекші аудандық сотына мыңға жуық қылмыстық іс түскен. Өкінішке қарай, тіркелген істердің барлығын сот қарауға алмапты. Оның 85-і медиация тәртібіне сай қысқартылса, 45 іске байланысты айыптаушыларға іздеу жарияланған.

Бұл туралы аудандық сот төрағасы тілшілердің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, тіркелген қылмыстық істер 2014 жылмен салыстырғанда көбейген. Әсіресе, алаяқтық, ұрлық пен қарақшылық қылмыстары көп келген.


vlcsnap-2016-02-03-17h17m07s80

Ал аудандық соттың шешімімен келіспеген тұрғындар облыстық сотқа шағымданған. Яғни 230 іс бойынша апелляциялық сот отырысы өткен. Дегенмен, өңірлік сот алқалары бұл істердің тек 11 пайызын ғана қарауға алыпты.