«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары тағайындалды

372
Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев
Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев

«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымға «Нұр Отан» партиясы төрғасының бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың бұйрығымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев қабылданды, деп мәлімдейді партияның облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев
Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев

Е.Дауылбаев 1978 жылы туылған. Білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ,ас кедендік басқармасында инспектор болып бастаған. 2002-2009 жылдары ОҚО бойынша ,ас кедендік басқармасында аға инспектор, бас маман, бөлім бастығы, контрабандаға қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2010-2014 жылдары ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында бөлім басшысы, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, ОҚО бойынша кедендік бақылау департаменті rонтрабандаға қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басқарма бастығы, ОҚО құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ал 2014 жылдың қарашасынан «АгроНК» ЖШС-ында директордың орынбасары лауазымын атқарды.