Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтің баспасөз брифингі өтуде. Кездесуде өңір басшысына журналистердің бірі әкімге күнгейде Наурыз мейрамын тоғыз күн тойлана ма деп сұрақ қойды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлайды.
— Түркі халықтарына ортақ бұл мейрамды біз ғасырлар бойы тойлап келеміз, — деп жауап берді Бейбіт Бәкірұлы. — Мейрам күндері ресми түрде 3 күн демалуға рұқсат етілген. Дегенмен, бізде мейрам күн жылына бастаған сәттен басталып, бір айға созылады. Бұл уақытқа біз көптеген шара ұйымдастырып қойдық. Халық бұл мейрамды бір ай бойы сезінеді.
Сөз соңында әкім тілшілерді аймаққа Наурызды тойлауға шақырды. «Келіңіздер, көріңіздер, жақсы көңіл-күй алып қайтыңыздар» деді Бейбіт Бәкірұлы.