Оңтүстікте аудандық мәдениет үйлерінің фестивалі өтеді

277
Өнер фестивалі
Өнер фестивалі

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы алдағы наурыз айында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбында облыстық өнер фестивалін ұйымдастырып отыр. Аталмыш шара ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту мақсатында ұйымдастырылмақ.

Өнер фестивалі
Өнер фестивалі

Бұған қоса жұмыс сапасын арттыру, халық шығармашылығын дамыту, мәдениет үйлері мен клубтар жанынан құрылған көркемөнерпаз ұжымдарына және ауылдағы жас таланттарға қолдау көрсетіп, олардың іс-тәжірибелерін насихаттау да басты назарда.

2016 жылдың 10-25 наурызы аралығында өткізілетін фестивальге облысымыздағы аудан, қаладан үздік деп танылған бір ауылдық мәдениет үйі немесе клубы қатысады деп күтілуде. Ал аудандық деңгейдегі іріктеу 22-27 ақпан күндері өтеді.

Әр ауданға облыс орталығынан барған әділқазыларға ақтық сын кезінде ауылдық мәдениет үйі немесе клубта қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, ауылдың өнерлі таланттары мен көркемөнерпаз ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады. Концертте көрсетілетін халық шығармашылығының жанрлары – ән, би, күй, айтыс, көркемсөз оқу, жыр-терме, цирк, сатира, хор, оркестр, вокалды-аспаптар мен отбасылық ансамбльдер, фольклорлы-этнографиялық топтар, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа арналған көріністер мен театрландырылған қойылымдар 1 сағат 10 минут аралығына сиюы тиіс.