Шымкентте заңсыз тұраққа үйір болғандар азаймай тұр

321

Темір тұлпарын кез келген жерге қоя салатын көлік жүргізушілерінің әрекеті салдарынан базар маңында халықтың жүріп-тұруы қиынға соққан. Жергілікті атқамінерлер жүгенсіз жүргізушілерде жөнге салуға тырысқанымен, әзірге құлақ асар ешкім табылар емес.


vlcsnap-2016-02-29-18h55m39s199

Жексенбі күндері қаладағы Гагарин көшесінде орналасқан «Жабық базар» маңынан көлік түгілі, адам жүруі мүмкін емес. Айналасы заңсыз тұраққа айналған. Жол сақшылары сан рет ескеру беріп, көліктерді айып тұрағына қоюмен әлек. Одан нәтиже шығарып жатқан шымкенттік жүргізушілерді байқамайсыз.

vlcsnap-2016-02-29-18h56m16s59
Құзырлы орган өкілдері де заңсыз автотұрақтардың көбейгенін растап отыр. Қолдарынан келгенше қаладағы көшелерге арнайы белгілер орнатқан. Жүгенсіз жүргізушілерді әкімішілік жауапқа тартқанымен, нәтижесі болмай тұрғанын да мойындайды. Бұл ретте шенділер көлік жүргізушіге салар айыпұлды көбейтіп, заңды барынша күшейтуді қажет дейді.

Руслан Арыстанбаев, Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы: «Жолдың кез келген жеріне авто көліктерін қойып кете береді. Бұл бойынша анықталған жәйттар көп. Осы ретте көлік иелеріне айтарым, егер осындай жайттар анықталатын болса, әкімшілік құқық бұзу кодексінің 597-бабында көрсетілген жауапқа тартылады.»

Әдеттегідей, уәдені үйіп-төккен жауаптылар жүргізушілермен күрес күнделікті жүргізілетінін айтады. Енді арнайы белгіге пысқырмағандарға қатаң шара қолданамыз дейді. Бірақ, дер кезінде жүргізілмеген жұмыстың нәтижесінде қара халықтың жүріп-тұруы қиындап отыр.