Úı Sport Төлебилік жастар әлем кубогінің жүлдегерлері атанды

Төлебилік жастар әлем кубогінің жүлдегерлері атанды

Төлебилік жастар әлем кубогінің жүлдегерлері атанды

Қыркүйек айының соңында Ресейдің Анапа қаласында жасөспірімдер арасында кикбоксингтен әлем кубогі өтті. 27 мемлекеттен 800-ге жуық спортшы қатысқан жарыста Төле би аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жүзден жүйрік шығып, жүлдегер атанды.

Төлебилік жастар әлем кубогінің жүлдегерлері атанды

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен спортшылар – 48 келі салмақтағы Базарова Сая мен 45 келі салмақтағы Нұрпапа Камшат жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты. Сая Базарова Көксәйектегі ОҚО орта Азиялық медициналық колледждің 2 курс студенті болса, Камшат Нұрпапа «Жеңіс» атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы.

Төлебилік жастар әлем кубогінің жүлдегерлері атанды

Сондай-ақ, қыркүйектің соңы мен қазан айының басында Ресейдің Челябинск қаласында бокстан халықаралық турнир өткен болатын. Бұл турнирде де төлебилік Аида Тұяқбай (54 келі салмақта) І орынды иеленді.