Кәсіпорындар арасында бәсекелестікті нығайту қажет

180

Тауар өндіретін кәсіпорындар арасында бәсекелестікті нығайту қажет. Бұл – халықаралық нарыққа жол ашатын зор мүмкіндік. Осы мақсатта өңірдің іскер азаматтарына семинар өткізілді. Мұнда отандық өнімдердің сапасын арттыра отырып, шетелге тасымалданатын тауарлардың көлемін ұлғайту жолдары түсіндірілді.

Кәсіпорындар арасында бәсекелестікті нығайту қажет

Мамандардың сөзінше, Қазақстанда жасалынған өнімдерге сұраныс жоғары болғанымен, нарық қажеттілігін толық қанағаттандыру әзірге мүмкін болмай отыр. Сондықтан, отандық тауарлардың қатарын ұлғайту қажет.