Парламент мәжілісі депутаттары арасында Оңтүстіктің 6 азаматы бар

332
Оңтүстікте «Нұр Отан» партиясының жеңімпаздар форумы өтті

24 наурыз күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының отырысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне өткен 84 депутаттың аты аталды.

Оңтүстікте «Нұр Отан» партиясының жеңімпаздар форумы өттіЖаңа сайланған халық қалаулыларының қатарында Оңтүстік Қазақстан облысынан 6 азамат бар.

Олар:

Ержан Құдайберген, облыстық мәслихаттың хатшысы;

Байділдә Жылқышиев, облыс әкімі аппаратының басшысы;

Фахриддин Қаратаев, «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы;

Уәлихан Қайназаров, Сайрам ауданының әкімі;

Сәкен Қаныбеков, облыс әкімінің орынбасары;

Берік Оспанов, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.

Ал «Ақ жол» демократиялық партиясынан 7 депутат, Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан тағы 7 депутат мәжілістегі жылы орнына жайғасты. Дегенмен, бұл екі саяси ұйымнан төменгі палатаға өткен Оңтүстік азаматтары жоқ болып шықты.