Прокурорлар кәсіпкерлерге араша түсті

253
Мақтаарал прокуратурасы

Жергілікті прокуратура өкілдері заңсыз тексеруге ұшыраған кәсіпкерлерге араша түсті. Жуырда Қаратау ауданы прокуратурасының сенім телефонына жеке кәсіпкер шағым түсірген.

Мақтаарал прокуратурасыАйтуларынша, өздерін облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілдері деп таныстырған екі азамат сауда орындарында негізсіз тексерулер жүргізіп, ақылы қызметін 8 мың теңгеге бағалаған.

Қадағалау органы өкілдері осыған ұқсас шағымдардың өзге де бизнес өкілдерінен түскенін айтады. Тексеру кезінде бұл деректер расталды. Алаяқтарға шаралар қолданылып, кәсіпкерлерге ақшалары қайтарылды дейді прокурорлар. Қазір осы шағымдар негізінде әкімшілік іс қозғалды.