Шымкентке «Millenium» циркі келді

184

Шымкентке «Millenium» циркі келді. Германиядан және Ресейден келген әртістер үздік акробаттар мен әуе гимнастшыларының қызықты әрі тартымды бағдарламасын ұсынады. Әртістер ең биік күмбезде – көкте өнер көрсетеді.

vlcsnap-2016-03-28-18h23m58s156

«Милениум» циркінің мақтанышы Константин Смолиннің өнері өз алдына бір әлем. Алып күш иесі баршаны таңғалдырды. Ол еш қиындықсыз жүк көлігінің доңғалығын тісімен көтеріп, экстримальды нөмірлердің бірінен соң бірін көрсетті.

«Милиениум циркінде» жануарлар да бар. Бұл шоуда аң да, экзотикалық құстар да ептілігін байқатуға бейімделген.

vlcsnap-2016-03-28-18h23m23s82

Ал германиялық қос жігіт бағдарламаның басты батырларына айналды. Олардың жасағандарын қайталауға болмайды. Себебі, адам өміріне қауіпті.

Ресейдің үлкен циркі Шымкентте 18 сәуірге дейін болады. Билеттерді қаладағы кассалардан сатып алуға немесе 8 776 975 88 88 нөміріне тапсырыс беруге болады.