Шымкенттегі зейнеткерлердің барлығы бірдей автобуста тегін жүре алмады

304

Шымкент қаласындағы зейнеткерлердің барлығы бірдей автобуста тегін жүру мүмкіндігін пайдалана алмады. Игі бастаманы қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар қолдағанымен, орындауға келгенде жауапсыздық танытты. Көлік компаниялары зейнеткерлерден жолақысын алып, күндегідей қызмет көрсеткен.

vlcsnap-2016-03-01-17h32m43s211

Көлік жүргізушілері бұл жаңалықты білгенімен, ақысыз қызмет көрсетуге келгенде жауапсыздық танытты. Ал кондукторлар күнделікті әдетіне салып, зейнеткерлерге бүгін тегін қызмет көрсетіледі дегенге қарамастан, жолақысын жинап алды.

vlcsnap-2016-03-01-17h31m27s205

Ал осыған дейін ұйымдастырушылар бір тәуліктік акция аясында Шымкенттің 500 мың тұрғынына 1200 автобус қызмет көрсетеді деп айтқан болатын. Бірақ, қалалық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің мамандары игі бастамаға қаладағы қоғамдық көліктерді тасымалдайтын компаниялардың барлығы қатысады деген қатаң талап болмағанын алға тартып отыр.

Жарқын Байдуллаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары: «Бұл акцияға барлық компанияларды мәжбүрлі түрде қатыстара алмаймыз. Олар тек өз қалауымен қатысады. Сондықтан акцияны орындамағандарға ешқандай шара көре алмаймыз.»

Осылайша акцияға атсалыспағандар ешкімнен алғыс ала алмады. Бір күндік акцияны қолдаушылардан гөрі кұптамайтындардың қатары көп екенін бірден байқалғандай.