Көріпкелдер шымкенттік кәсіпкерді тірі деп болжап отыр

Гүлзахира Измадинова

Көріпкелдер жоғалған шымкенттік кәсіпкер әйелді тірі деп отыр. Олардың айтуынша, Гүлзахира тірі, бірақ жағдайы қиын. Онда өзімен бірге ірі көлемде ақша болған. Қалаған затын сатып алған. Алайда, 30-35 жастағы ер адаммен арада келіспеушілік болып, бейтаныс азамат оны қамап қоюы мүмкін. Ал оның көлемді қаржысын білгеннен кейін не жіберерін, не босатарын білмей отыруы ғажап емес деген болжамдар жасауда.

Туыстары кәсіпкер әйелді іздейді

Бұлай деуге негіз бар. Өйткені полиция қызметкерлері өртенген мәйіт тапқан, бірақ оның кім екенін анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі табылған мәйіт адам танымастай күйге түскен. Тіпті оның ер адам немесе әйел екенін ажырату мүмкін емес дейді полиция қызметкерлері. Алайда Гүлзахира Измадинованың туыстары оның өлгеніне сенбейді. Яғни, тауып аламыз деген үміттерін үзбей отыр.

Айта өтейік, әлеуметтік желілерде Жамбыл облысының аумағында шымкенттік кәсіпкер әйелдің жоғалғаны туралы ақпарат тарап, қызу талқыға түскен болатын. Кәсіпкер әйел іс-сапарда болған. Ол әр күні туыстарымен, отбасымен хабарласып тұратын, дейді бауырлары. Алайда 17 сәуірден байланыс үзіледі. Сарыуайымға салынған жақындары Таразға барып, полицияға хабар берген. Кәсіпкер келіншектің ағасы біздің арнамызға хабарласып, көмек сұраған.

Кәсіпкердің туыстары Гүлзахира Измадинованы көрген-білгендер немесе қандай да бір ақпарат естіген жандар болса 8-702-246-06-76 немесе 8-747-607-87-46 телефондарына хабарлауды сұрайды.