Шымкенттегі саяжайда 6 жасөспірім 30-дан аса үйді тонаған

243
Бәйдібек ауданында мал ұрылары ұсталды

Қаратау ауданының полицейлері 130 ұрлықты ашты. Тәртіп сақшылары қала аумағында өзгенің мүлкін ұрлау мен пәтер ұрлығын ашу мақсатында үнемі жедел іс-шаралар өткізіп тұрады.

Ашылған қылмыстарға қатысы барлар жекеменшік үйлер мен 1-қабатта орналасқан пәтерлердің терезесін бұзып кіріп, алтын бұйымдар мен ақша, түрлі бағалы бұйымдарды ұрлап отырған. Соның ішінде Сайрам елдімекенінде орын алған 50-ден аса ұрлықты айтуға болады. Оның ішінде 9 пәтер ұрлығы, 8 автобөлшек ұрлығы, 8 мал ұрлығы және т.б. қылмыстар бар.

Мәселен, Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметінің инспекторлары жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Сайрам елдімекенінде орын алған 8 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 1979 жылғы Сайрам ауданының тұрғынын ұстады.

Шымкенттегі саяжайда 6 жасөспірім 30-дан аса үйді тонаған
Күдікті

Бұған дейін бірнеше рет сотты болған 37 жастағы күдікті жергілікті тұрғындардың жекеменшік үйлерінің терезесінен кіріп, бағалы заттары мен ақшаларын жымқырып отырған. Барлық ұрланған затты ломбардқа өткізіп, алынған ақшаны өз пайдасына жаратып келіпті.

Полицейлер айғақ зат ретінде күдіктінің қолғабы мен ұрланған заттың бір бөлшегін тәркіледі. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады.

Сонымен қатар осы Сайрам елдімекенінде орын алған пәтер ұрлығына қатысты Сайрам ауданының 1965 және 1994 жылғы тұрғындары күдікті ретінде ұсталып, тергеу барысында олардың да 2 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталып отыр.

Мұнымен қоса осы Қаратау ауданының тәртіп сақшылары Қайнар бұлақ саяжайында болған 30-дан аса пәтер ұрлығына қатысы бар 6 күдіктіні қолға түсіріп отыр. Олардың барлығы да кәмелет жасына толмаған болып шықты. Ал жәбірленушілерге келген шығын көлемі 4 миллион теңгеден асып-жығылады. Жалпы, жыл басынан бері бір ғана Қайнар бұлақ саяжайында 80 ұрлық қылмысы ашылып отыр, дейді полицейер.

Осы фактілер бойынша қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) іс қозғалған. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.