Теннистен облыс әкімінің кубогі турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

332
Теннистен облыс әкімінің кубогі турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

Оңтүстік Қазақстан облысында әуесқой теннистен ұйымдастырылған «Shymkent Open – ОҚО әкімінің кубогі» турнирі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Теннистен облыс әкімінің кубогі турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

Төрт топ бойынша бақ сынасқан әуесқой теннисшілердің жүзден жүйрік шыққандарын атасақ, бірінші топ бойынша Денис Валетов жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші топта Мұхтар Жансейітов ешкімге дес бермеді. Ал үшінші және төртінші топтың теннисшілері арасында Антон Сотников пен Нұржан Баймахановтан озып ешкім шыға алмады.

Теннистен облыс әкімінің кубогі турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

Аталған турнирге теннистен әуесқой 35 спортшы қатысқан болатын. Ойындар топтық жүйеде жүргізіліп, жеңімпаздар жүлделік қоры 1 миллион теңге болатын қаржыны өзара бөлісті.

Айта өтейік, әуесқой теннис түрінен турнир ұйымдастырудың мақсаты – халық арасында бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Айта кету керек, аталған спорт түрінен ОҚО әкімінің кубогі үшін талас өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылды.