Оңтүстік халқы 1 мамыр мерекесін атап өтті

Шымкенттіктер 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. Қаламыздағы Әл Фараби алаңында түрлі ұлт өкілдері мен білім ошақтарының ұжымы ұйымдастырған көрмеден бастау алған шара мерекелік концертке ұласты.

Облыстық орыс драма театрында»Бірлік. Ынтымақ. Достық» атты шараға облыс әкімі бастаған топпен бірге қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстық ассамблея жанындағы қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесі және этно-мәдени бірлестік өкілдері және өзге де қонақтар қатысты.

Алдымен облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірімізде бірлік пен достықты нығайтып, оны дамтыға елеулі еңбек сіңірген, үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.

«Бәйтерек» композициясы мен «Сарыжайлау» хореографиялық қойылыммен басталған концерттік бағдарламада ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің өнарпаздары ән шырқап, би билеп, өнерлерін көрсетті.