Шымкенттің журналистері мен блоггерлерін шеберлік сабағына шақырамыз

220
Шымкенттің журналистері мен блогерлерін шеберлік сабағына шақырамыз

«Отырар» медиахолдингі Шымкенттің журналистері мен блоггерлерін шеберлік сабағына шақырады. 5 мамыр күні телеарна ғимаратында Ольга Каплина «Мобильді медиа» тақырыбымен шеберлік сабағын өткізеді. Бұл тренингте журналистер мен блоггерлер жұмыста смартфондарды қалай қолдану керегін үйренеді.

Шымкенттің журналистері мен блогерлерін шеберлік сабағына шақырамыз

Айта кету керек, тегін өтетін «Мобильді медиа» шеберлік сабағы «Кселл» және E-event компаниялары Қазақстанның 16 қаласында өткізіп жүрген Digital Life ауқымды сауаттандыру бағдарламасының бір бөлігі.

Бұл бағдарлама қазақстандықтардың мобильді сауатын арттыруға арналған. Оның аясында ашық тренингтер мен акциялар өткізетін ұйымдастырушылар смартфондардың артықшылығын түсіндіріп, денсаулыққа, білім алуға, жеке тұлғаны дамытуға арналған түрлі мобильді қосымшаларды пайдалануды үйретуді мақсат тұтып отыр.

Бұл жолғы шеберлік сабағына қатысушылар

  • Өз жұмысында WhatsApp-ты қалай қолдануды;
  • Онлайн-көрсетілімді қай бағдарламамен тарату қолайлы екенін;
  • Интерактивті фотосуретті қалай жасауды;
  • Android StoryMaker қосымшасында фото және видеорепортаждар жасауда қандай жаңалықтар барын;
  • Өз смартфондарының көмегімен виртуалды әлемге қалай енуді үйренеді.

Ольга Каплина – мультимедиялы журналист, блоггер, медиатренер.

Қатысушылар http://goo.gl/forms/iyU9uF2M6c сілтемесі арқылы тіркеле алады. Орын саны шектеулі. Шеберлік сабағы Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 15 үй – «Отырар» телеарнасында өтеді.