Жер кодексіне қатысты мораторийді түсіндіру басталды

235
Депутат

5555555555Елбасының жерді сату мен жалға беруге қатысты жариялаған мораторийін түсіндіру үшін облысқа мәжіліс депутаттары келді. Халық қалаулылары заңнамадағы қоғамның наразылығын туғызып отырған тұстарын егжей-тегжейлі баяндап берді.

Дүйім жұртты дүрліктірген кодекс жұртшылыққа жіті түсіндірілмеген дейді депутаттар. Жерді аукцион арқылы сату және оны шетелдіктерге жалға беруді 25 жылға дейін ұзарту туралы өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енбейді. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіру үшін Астанадан арнайы ат арылтып келген халық қалалаулылары бұл шектеулердің себептерін нақтылап берді.

Кодекстегі түйткілді тұс – жайылым жерлердің сатылуына қатысты. Айта кетейік, елімізде 188 млн гектарға жуық жайылым бар. Алайда мамандар олардың үштен бір бөлігі бүгінде уақыт өткен сайын тозып бара жатыр дегенді айтады. Кодекске жайылым жерлерді сату туралы норманың енігізілуі де сондықтан. Алайда, мал бағуға ыңғайлы аумақ жекенің қолына өтсе, ата кәсіптің ақсап қалатынын халық қалаулары да жоққа шығармайды.

Халық қалаулырының пікірінше, кодекстегі жаңа өзгерістер, ең алдымен, еліміздің аграрлық саласын дамытуда маңызды. Ал заңнамадағы шетелдіктерге жалға берілетін алқап 25 жылдан кейін міндетті түрде қайтарылатынына кепілдік берді депутаттар.