Қожанов көшесін кеңейту басталды

2659
Қожанов көшесін кеңейту басталды

Темірлан тасжолы мен Қазиев көшесі аралығындағы 1 шақырым 700 метр жолдың құрылысы жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес Қожанов көшесінің ені 9 метрден 12 метрге ұзартылады.

Қожанов көшесін кеңейту басталды

Бұл көлік қозғалысының қатынауын жақсартады дейді құрылысшылар. Нысанда барлық инженерлік коммуникациялық жұмыстар жүргізілген, қазіргі таңда ирригациялық жүйе, жаяу жүргіншілер жолы мен негізгі көшені асфальт төсеуге дайындау жұмыстары қолға алынған.

Қызыл сызыққа өткен нысан иелеріне ескертулер таратылған. Жоба бойынша мұнда үш қабат асфальт төселінеді. Құрылыс осы жылдың соңында аяқталады деген жоспар бар.