Оңтүстікте ұры полицейге оқ атып, жарақаттады

309
Оңтүстікте ұры полицейге оқ атып, жарақаттады

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары мал ұрлығына қатысты және полицейге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. 2016 жылдың 31 мамырында Төле би ауданында жедел-іздестіру шарасы барысында Ленгір-Жаңакүш тасжолына жақын маңдағы орманда мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстауда белгісіз азамат қараңғы тұстан полицейге қарай оқ жаудырып, қашып кеткен.

Соның салдарынан Төле би аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры, 33 жастағы Спандияр Темірбеков аяғынан жарақат алып, аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Оң жақ жамбасынан бірнеше оқ жарақатын алған полицейге дәрігерлер ота жасады.

Оңтүстікте ұры полицейге оқ атып, жарақаттады

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 380-бабымен (билік өкіліне қатысты күш қолдану) іс қозғалды. Арада бір апта өткен соң полиция қызметкерлерінің іздестіруі нәтижесінде Шымкенттің 1968 жылы туған тұрғыны, бірнеше рет мал ұрлығы бойынша сотты болған азамат ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр.

Күдіктінің үйін тінту кезінде айғақ зат ретінде 16 калибрлі аңшы шолақ мылтығы тәркіленді. Қазір күдікті қамауда жатыр. Оның үстінен алдаңғы бапқа қосымша ұрлыққа қатысты тағы бір қылмысты іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.