«Отырар» тілшілері алғыс хат алды

725

28-маусым – баспасөз, телевизия және радио күні. Айтулы мереке құрметіне орай «Ауған соғысының мүгедектері қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Тәжімбетов пен «Ерлік» музейінің меңгерушісі Ақмарал Құдайбергенова әріптестерімізді арнайы құттықтады.

«Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін, есімін жаңғыртуда атқарған игі жұмыстар атқарып, ел арасында ақпараттық қолдау көрсетіп-насихаттағаныңызға алғыс білдіреміз» деп құттықтаған мамандар алғыс хатты «Отырар» телеарнасының бас редакторы Зәуре Оралбаева және арна тілшілері Жанат Тохтарбай мен Мөлдір Бекееваға табыстады. Сондай-ақ, «Ұстанған бағыттарыңызға, елімізді елдікке, ұлтымызды ұлылыққа, халқымызды бірлікке жұмылдырудағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз» деген ақ жарма тілектерін жолдады.

 

Зәуре Оралбаева, «Отырар-ТВ» телеарнасының бас редакторы: «Құттықтауларыңызға рахмет! Біз әрдайым «Ауған соғысының мүгедектер қоры» қоғамдық бірлестігі және мұражайлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Қоғамдық тақырыптарды бірге көтеріп, елдің ертеңі үшін жауды жыққан жауынгерлерді, олардың өміржолы мен ерлігін насихаттап келеміз. Түрлі танымдық бағдарламалар мен бейнесюжеттер жасап, көпке етене таныстырудан жалыққан емеспіз. Ардагерлермен де арнайы сұхбат жүргізіп, өскелең ұрпаққа ұсыну – біздің арнамыздың міндеті деп білемін! Ал бүгінгі мерекелік ақ тілек құттықтау мен алғыс хат – еңбектің еленгені!»