Шымкентте үш балабақша ашылды

1292

Бүгіннің өзінде үш бірдей бөбекжай пайдалануға берілді. Бұл бақшалардың құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын. Биыл тағы да 1800 орынды бөбекжай пайдалануға беріледі. Нәтижесінде балабақша кезегінде тұрғандардың саны 5 мыңға кемиді деген жоспар бар.

Шымкент қаласында 87 мемлекеттік, 208 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. Ал «Балапан» бағдарламасы 3500 балғынды бақшамен қамтыған. Сала мамандарының мәлімдеуінше, балабақша кезегіндегілерді толық қамту 2020 жылы іске асады. Ал әзірге басты бағыт жеке меншік бала бақшалардың санын көбейту.

 

Қазіргі уақытта  қалалық жерлерге арнайы бизнесмендер үшін  аукцион ұйымдастырылып жатыр. Егер жерлер өтсе бірден бала-бақша салынуын қамтамасыз етеміз.  Барлық бүлдіршін сапалы білім, саналы тәрбие алуы тиіс, дейді қалалық білім  бөлім  басшысының міндетін атқарушы Ғабит Нысанов