Туыстары мен полиция Лилия Ахметованы іздестіруде

242
Туыстары мен полиция Лилия Ахметованы іздестіруде

Шымкентте тағы адам жоғалды. Лилия Ахметова есімді бойжеткенді туыстары мен полиция іздестіріп жатыр.

ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусым күні Әл Фараби полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны арызданып келді. Ол азаматшаның айтуынша, 15 маусымға қараған түні 2002 жылы туған қызы Лилия Ахметова құрбысының үйіне кетіп, қайтып оралмапты.

Туыстары мен полиция Лилия Ахметованы іздестіруде

Туыстары алғашында 8-сыныпта оқитын қыздарын өздері іздеп көрген. Алайда, нәтиже шықпаған соң құқық қорғаушылардың көмегіне жүгінеді.

Қазіргі таңда бұл жайт полицияда тіркеліп, жеке құрам қызметкерлері №34 мектептің 14 жасар оқушысын іздестіруге кіріскен. Бір анықталғаны, жасөспірім қыз бұған дейін де үйінен кетіп жүрген екен.

Лилия Ахметованың белгілері: бойы – 155 см, қасы-көзі – қара, шашы иығынан аздап түскен, қоңырқай түстес, орташа денелі. Сол күні оқушы қыз үстіне жасыл шорты, ашық-сары түсті футболка мен ашық-қоңыр түсті туфли киген. Қолында шағын қара сөмкесі бар.

Егер сіздерге Лилия Ахметова жайлы кез келген мәлімет белгілі болған жағдайда 102 немесе 8-776-800-81-81, 8-701-087-78-78, 97-60-09 нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.