Арыстың екі тұрғыны қарт кісіге шабуыл жасаған

284
Арыстың екі тұрғыны қарт кісіге шабуыл жасаған

Оңтүстіктің тәртіп сақшылары 81 жастағы қарияға шабуыл жасаған екі адамды қолға түсірді. Наурыз айында Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне түн ішінде 1935 жылы туған жергілікті тұрғынның үйіне белгісіз біреулер шабуыл жасағаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы зейнеткердің үйіне түн ішінде бетперде киген екеу баса-көктеп кіріп, қарияны қарумен қорқытып, ұрып-соғып, байлап тастағанн анықтайды. Содан соң 3900 АҚШ доллары және 200 мың теңге ақшасын алып, кетіп қалған.

Арыстың екі тұрғыны қарт кісіге шабуыл жасаған

Осы жайт бойынша қылмыс іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Түркістан қаласының 47 және 43 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олар өз кінәларын толығымен мойындап отыр. Қазір күдіктілер қамауда. Айғақ заттар тәркіленіп алынды.