Боксшыларды қолдау флешмобы өтті

192
Боксшыларды қолдау флэшмобы өтті

Алға Қазақстан! Осылай деп ұрандатқан оңтүстікқазақстандық бокс федерациясының өкілдері бүгін «Динамо» стадионында арнайы флешмоб ұйымдастырды.

Боксшыларды қолдау флэшмобы өтті

Таяуда ел мақтаныштары Риоға жол тартқалы тұр. Жерлестеріміз осылайша оларға ақ жол тілеуде. Оңтүстіктің үш бірдей былғары қолғап шебері Бразилияда жүлде үшін сынға түседі.

Олар – Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев және Жайна Шекербекова. Төрт жыл бойында чемпиондарымызға облыстық бокс федерациясы қолдау көрсетіп, олимпиадалық жолдамаға ие болуына себепкер болған. Енді сол еңбегінің жемісін көрмек ниетте. Ұйымдастырылған бұл флешмоб боксшыларымызға ролик ретінде ұялы телефондарына жолданады.