Шардарада каналдар тазартылуда

288
Шардарада каналдар тазартылуда

Шардара ауданындағы үш ауылдық округте ағын су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 94,4 шақырым каналды жөндеу жоспарланып, бүгінге дейін оның 76,9 шақырымы қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар 110 арық-каналдың 61-і жаңартылды.

Бүгінгі таңда аудандағы Қоссейіт ауылындағы 1-Р-2 каналында 2 экскаватор мен 1 бульдозер, Көксу ауылдық округіндегі 2-Р-1 және 2-Р-2 каналдарында 3 экскаватор, Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі РК-1 және РК-2 каналдарында 2 экскаватор мен 1 МТЗ-80 тракторы жұмыс істеуде. Жөндеу жұмыстарына мемлекет тарапынан бөлінген 151 млн теңгеге 4 мердігер компания жұмыс істеуде.

Шардарада каналдар тазартылуда

Жұмыстардың барысын аудан әкімі Арман Абдуллаев ұдайы қадағалап, ауылдық округтердегі ағын су нысандарының жөндеу жұмысына айрықша көңіл бөлуде. Тиісті сала мамандарына жұмыстың сапалы және кестеге сәйкес атқарылуын қатаң түрде қадағалап отыру тапсырылды.

Дихандар игілігі үшін жасалынып жатқан механикалық жөндеу жұмыстары шілде мен қазан айлары аралығында толықтай аяқталады деп күтілуде. Осының нәтижесінде Шардара ауданындағы 1112 гектар егістік алқап қайта айналымға қосылмақ.