Шымкентте жылу қымбаттауы мүмкін

179

Шымкентте жылу тарифі 21 пайызға қымбаттауы мүмкін. «3-Энергоорталық» АҚ мамандары алдағы бес жылға арналған тарифті талқылау мақсатында жария тыңдау өткізді. Сала мамандары қызмет құнының қымбаттауын газ бағасының артуымен байланыстырады. Алайда, осы тектес сан себепті алға тартқан жылу берушілердің ұсынысына халық қалаулылары қарсы шықты.

жылууууууБолжамды тариф қызу талқыға түсті. Алдымен жылу берушілер мәслихат депутатары мен жергілікті билік өкілдеріне 21 пайыздық өсімнің себеп-салдарын тәптіштеп түсіндіріп берді. Басты себеп – газ бағасының бірден 14 пайызға қымбаттауы дейді сала мамандары.

Алайда халық қалаулылары бұл тым жоғары өсім деп есептейді. Газ бағасы ғана емес, биыл жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарының шығыны да артқалы отыр. Төрт қазандықты жөндегелі отырған мекеме бұл мақсатта жұмсалатын қаржы көлемінің артуы да жылу бағасына әсер етіп отырғанын жасырмайды. Себебі, жөндеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар шетелден тасымалданатын көрінелі. Десе де тұтынушыға жеткенше жылудың қанша болатынын салаға жауаптылар әлі дөп басып айта алмай отыр.

2016-2021 жылдарға ұсынылып отырған тариф әлі кеңес отырысында талқыланады. Ал оған дейін халық қалаулылары жылу құнына әсер етіп отырған газ бағасын төмендету туралы министрлікке ұсыныс жасауға бекініп тарасты.