Созақта полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

470
Созақта полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

Оңтүстіктің Созақ ауданында жылына 360 мың метр полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылып, «UKO-S Star» металл құрастыру зауытының екінші жобасының іргетасы қаланды. Бұл жобалар индустрияландыру картасы аясында іске асып отыр.

Созақта полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

Шолаққорған ауылындағы индустриялды аймақта орналасқан «Сырлы Созақ» компаниясына қарасты пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру және полиэтилен құбырын шығару зауытының салатанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Исаев қатысып, жаңа өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

Созақта полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

– 2012 жылдан бастап жаңадан іске қосылатын шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғарландыру арқылы олардың инфрақұрылым мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынып, 50 га жер телімі резервке қойылды. Қазіргі күнге дейін инфрақұрылым құрылысына жалпы 240 млн теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталған, – деді аудан әкімі.

 

Созақта полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

Жобалық құны 223 млн теңге болатын полиэтилен құбыры зауытында жергілікті 50 азамат жұмыспен қамтылып отыр.

Созақта полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

Ал іргетасы қаланған «UKO-S Star» металл құрастыру зауытының екінші жобасының құрылысы биылдың соңына дейін аяқталып, іске қосу жоспарлануда. Бұл зауытқа 337 млн теңгенің инвестициясы тартылып отыр.

Созақта полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

Өндіріс орны техникалық май тасымалдауға арналған бөшкелер шығаратын болады. Бұйыртса, жоба іске қосылған уақытта 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Айта кетейік, аталған индустриялды аймақта бүгінде уран өндіруші кәсіпорындарға арналған құрал-жабдықтар шығаратын зауыт, йодталған ас тұзы кәсіпорны мен металл құрастыру сияқты 3 жоба жұмыс істеп тұр.