Түркістанда есірткі саудасына күдікті ұсталды

232
Түркістанда есірткі саудасына күдікті ұсталды

ОҚО-да полицейлер есірткі заттарын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының 53 жастағы тұрғынын ұстады. 1963 жылы туған бұл азамат есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталып отыр.

Түркістанда есірткі саудасына күдікті ұсталды

Әрі қарай полицейлер күдіктінің үйіне тінту жұмыстарын жүргізіп, аулада тұрған автокөлік дөңгелегінің ішінен өсімдік тектес есірткі заты салынған 9 дана түйіншекті тәркіледі. Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысына сай табылған есірткі затының жалпы салмағы шамамен 400 грамды құрайтын марихуана екені анықталды.

Түркістанда есірткі саудасына күдікті ұсталды

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің екі бабымен – 296 (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және 297-баптарға«(есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу,иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сай іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.