Оңтүстікте негізсіз тексерулердің жолы кесіледі

Оңтүстікте негізсіз тексерулердің жолы кесіледі. Әсересе, кәсіпкерлердің ісіне тосқауыл болатын заңсыз кедергілер қатаң қадағаланылады. Өңір прокурорлары сөзден іске көшіп, облыстың кәсіпкерлер палатасымен келісімге келді. Екі жақ бірігіп, ел экономикасына елеулі үлес қосатын бизнесмендердің сөзін сөйлейтін болады.

ффффффф

Өңірімізде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда және бизнесті дамытуда жаңа жоба іске асады. «Оңтүстік Қазақстан облысы бизнеске қолайлы аймақ» атпен аталған бастаманы облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы бірлесіп әзірлеген. Аймақта инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында көзделген жоба 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырылады. Келісім-шартқа қол қойған тараптар кәсіпкерлердің ісіне кедергі келтіргендермен айналысады. Нәтижесінде іскер азаматтардың саны артып, өңір экономикасы көтерілде. Жұмыссыздар саны қысқарады.

Асқар Әбубәкіров, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры: «Бүгін біз нақты іс-жоспардың жол картасын түздік. Бұл келісім-шарттың бизнестің дамуына, жалпы экономикамызға қосар үлесі көп. Біз осыдан екі жыл бұрын кәсіпкерлердің мәселесін жеңілдету мақсатында call-орталығын іске қосқан болатынбыз. Бастапқы кезде айына 20-30 кәсіпкер көмек сұрап хабарласқан болса, соңғы уақытта шағымданушы кәсіп иесінің саны 50-60-қа дейін артты. Міне, бүгінгі жоба сол кедергілердің азаюны ықпал етеді. Жоспар іске қосылғаннан кейін жыл соңына дейін кәсіпкер саны 15 пайызға өседі деп үміттенеміз.»

Сондай-ақ, аймақта инвестициялық ахуалды жақсартуда әкімшілік кедергілерімен сыбайлас жемқорлықты жою жол картасы түзілді. Айта өтейік, осы уақытқа дейін кәсіпкерлердің ісін бөгеді деген күдікпен тоғыз мыңға жуық тексеру өткен. Оның төрт мыңы негізсіз деп танылды.