Шымкентте кешенді тестілеу басталды

518

ҰБТБүгін Шымкентте кешенді тестілеу басталды. Колледж түлектері мен мемлекеттік емтиханды тапсыра алмаған азаматтар мен ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балды жинай алмаған оқушылар қайта сынақ тапсыруда.

Бұл тестілеу жоғарғы оқу орнында ақылы негізде білім алуға мүмкіндік береді. Талапкерлер негізгі 4 пән бойынша, әдеттегідей, ұлттық тестілеу орталығының қадағалауымен сынақтан өтеді.

Бір ғана М.Әуезов атындағы мемелекеттік университетіне 3670 азамат мемлекеттік сынақты қайта тапсыруға өтініш берген. Ал биыл өңірімізде ҰБТ-ге 19 691 түлек қатысып, оның 1881-і мемлекеттік сынақтан сүрінген еді.