15 қыркүйек – Асанбай Асқаровтың туған күні

596
15 қыркүйек - Асанбай Асқаровтың туған күні

15 қыркүйек – Оңтүстіктің ірі тұлғаларының бірі Асанбай Асқаровтың туған күні. Ел басқарған ағаның сіңірген еңбегі халық аузында әлі жүр. Сол кезеңдегі қиындыққа қарамастан Асанбай Асқаровтың ұйымдастыру қабілетінің нәтижесінде Шымкентте балалар теміржолы, зообақ пен дендросаябақ бой көтерді.

15 қыркүйек - Асанбай Асқаровтың туған күні

Оңтүстік тарихында өзіндік қолтаңбасы бар Асанбай Асқаровтың туғанына биыл 94 жыл толып отыр. Бұл күні зиялы қауым өкілдері Шымкентте ірі тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен шектеліпті. 1978 жылдың сәуірінен 1985 жылдың шілде айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының бірінші басшысы болған Асқар Асанбаев күнгейдің экономикасын көтеруге, халқының әл-ауқатын арттыруға елеулі еңбек сіңірген.

Асанбай Асқаров 80-жылдардың орта кезінен қуғындалып, жалған айыппен қамауға алынды. 1987 жылдың сәуір айынан 1991 жылғы тамызға дейін абақтыда отырды. Асқаровқа тағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәлар» тағылды. Бірақ, Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, сот шешімімен толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.

Асанбай Асқаровтың соңынан зәулім әрі сәулетті ғимараттар мен мәдени, демалыс ошақтары мұра болып қалды. Күл-қоқыстың орнына салынған дендросаябақ бүгінде шымкенттіктер мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған. Ал зообаққа келушілер тынығып қайтады.

Асанбай ағаның бастамасымен салынған балалар теміржолы республика бойынша баламасы жоқ нысан. Тоқырау заманында күтім болмай тозығы жеткен балалар теміржолы қайта қалпына келтіріліп, халықтың игілігіне толық тапсырылса, ол кісіге деген құрметімізді білдіргеніміз болар еді дейді тұрғындар.