Оңтүстікте «AgroProm Shymkent – 2016» көрмесі өтті

266
AgroProm Shymkent - 2016

Өзімізде өндірілетін өнімге қолдау! Оңтүстікте «Тамақ өнеркәсібі» – AgroProm Shymkent 2016 көрмесі өтті. Екі күнге созылған көрмеге қазақстандық және шетелдік компаниялар да қатысты. Олар азық-түлік және сусындарды өндіруге арналған жабдықтар мен технологияларды, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды, сонымен қатар, азық-түлік пен сусындарды көпшілікке паш етті. Көрме аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар құрылады деген жоспар бар.

AgroProm Shymkent - 2016

Қазақстан үкіметі тапсырмаларын жүзеге асыру күнгейде қарқын алған. Әсіресе, отандық өнімдерге қолдау көрсету мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл жолы тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындардың көрмесі өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушыларға төлем ақысыз 9 шаршы метр орын берді. Арнайы павилионға жайғасқандардың ішінде Тараз және оңтүстікқазақстандық кәсіпорын иелері басым. Жамбыл облысындағы «Мерке» ірімшік зауытының өкілдері берілген мүмкіндікті толық пайдаланып, өнімін өзгелерге тегін жарнамалағандарына дән риза.

AgroProm Shymkent - 2016

Тараздық кәсіпкерлер сүт өнімдерінен бөлек сапалы еттерін де арқалай келіпті. Байқағанымыздай, қой, тауық, жылқы және сиыр етінен жасалған шұжықтарға сұраныс жоғары. Бағалары да қолжетімді – 750 мен 2200 теңге аралығында. Бұған дейін шұжықтың үш-төрт сұрпын шығаратын кәсіпорын бүгінде өнімнің 30-дан астам түрін әзірлейді. Оңтүстік өңірінің кәсіпкерлері де осал емес. Халық күнделікті тұтынатын нан және түрлі ұн өнімдерін көрмеге Түлікбас ауданын жеткізген.

AgroProm Shymkent - 2016

Көрмеге жергілікті кәсіпкерлермен бірге Астана, Шығыс Қазақстан Жамбыл облысының шағын және бизнес өкілдері де қатысты. Кәсіпорын басшылары дәл осындай шаралар іскерлік қарым-қатынастың аясын кеңейтуге, тауарларын өзгелерге таныстыруға мүмкіндік береді дейді. Ал тұрғындар отандық тауар неғұрлым көп болса, соғұрлым бағасы да арзан болады дейді.

AgroProm Shymkent - 2016

Биыл тамақ өнеркәсібі көрмесіне қатысушылар саны артқан. Ұйымдастырушылар келесі жолы бұл көрсеткіш 100-ге жетеді деп отыр. Олай айтуға негіз бар, өйткені шағын және орта бизнесті дамытуға үкімет тарапынан барлық жағдай жасалуда.

AgroProm Shymkent - 2016

AgroProm Shymkent - 2016