Шымкентте шекер арзандады

873
құмшекер

Шымкентте қант арзандады. Құмшекердің бағасы айтарлықтай түскен. Қазіргі таңда 25 келілік қаптағы қант 5500 теңгеден сатылуда.

құмшекер

Еске сала кетейік, бір ай бұрын 25 келі қант 6350 теңге тұратын. Сатушылардың айтуынша, бұл үйреншікті жағдай, қазір қысқа түрлі тосаптар әзірлеу мерзімі аяқталуға жақын, сондықтан бағаны нарықтың өзі реттеуде дейді. Дегенмен, баға барлық жерде бірден арзандаған жоқ. Көтерме сауда орындарында бір келі құмшекер 220 теңгеден, ал бөлшек саудада 240 теңгеден бастап сатылуда.