Оңтүстік Қазақстан облысынан Алматы қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерінің керуені жолға шықты. Жалпы көлемі 320 тонна болатын өнімнің арасында 60 тонна ет және ет өнімдері, 106 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 16 тонна картоп, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 45 тонна бақша өнімдері, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 27 тонна қауын мен 15 тонна басқа да өнімдер бар. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 125,7 млн теңгені құрайды.
1 қазан күні Алматыда ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне күнгейдің 50-ден астап тауар өндіруші қатысады деп күтілуде. Олардың өсірген өнімдері Оңтүстік астанадағы жәрмеңкеде базар нарығынан 15-20 пайызға арзан сатылады дейді жауаптылар.