Шымкенттен Алматыға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

270
Шымкенттен Алматыға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

Оңтүстік Қазақстан облысынан Алматы қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерінің керуені жолға шықты. Жалпы көлемі 320 тонна болатын өнімнің арасында 60 тонна ет және ет өнімдері, 106 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 16 тонна картоп, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 45 тонна бақша өнімдері, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 27 тонна қауын мен 15 тонна басқа да өнімдер бар. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 125,7 млн теңгені құрайды.

Шымкенттен Алматыға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

1 қазан күні Алматыда ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне күнгейдің 50-ден астап тауар өндіруші қатысады деп күтілуде. Олардың өсірген өнімдері Оңтүстік астанадағы жәрмеңкеде базар нарығынан 15-20 пайызға арзан сатылады дейді жауаптылар.

Шымкенттен Алматыға ауыл шаруашылығы керуені аттанды