Жастар ресурстық орталығының ғимараты жаңарады

874
Жастар ресурстық орталығының ғимараты жаңарады

Енді жиырма күннен кейін жастар ресурстық орталығының ғимараты пайдалануға беріледі. Маусым айында бастауын алған құрылыс қарқынды жүруде. Бұрынғы мәдени ошағының еденінен бастап шатырына дейін жаңарады. Толық жөнделген ғимаратты жастарға тапсыруды «Радуга» серіктестігі өз мойнына алды.

Жастар ресурстық орталығының ғимараты жаңарады

Мердігер компания жобалық-сметалық құжат бойынша бөлінген 125 млн теңгенің 92 пайызын игеріп үлгердік дейді. Ғимараттың хасбетіндегі жұмыстардың негізгі бөлігі біткен. Гранитті плиталармен қапталған тіреуіштерді есептегенде жастар ресурстық орталығының алдыңғы бөлігіне 500 000 теңге жұмсалған. Тапсырыс берушілер құрылыс құжатқа сәйкес, еш ауытқусыз жүруде дейді.

Ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, су, жылу, электр жүйелері толық жаңалануда. Мәдени ошақтың ерекшелігі ескеріліп, сахна, дыбыс оқшаулау жұмыстары талапқа сәйкес жүргізілуде. Айта кететін жәйт, концерттік залдың қабырғалары қай түске боялатыны әзірге қарастырылуда. Мердігерлер нысанды қыркүйектің жиырмасына тапсыруды көздеп отыр.

Нысанның мерзімінде тапсырылуын және құрылыстың сапалы жүргізілуін техникалық қадағалау мекемесінің мамандары жіті бақылауда. Ал соңғы нүктені қабылдау комиссиясы қояды.