Үздік мектеп кітапханашылары марапатталды

Үздік мектеп кітапханашылары марапатталды

15 қазан – мектеп кітапханашыларының төл мерекесі. Атаулы күн елімізде жыл сайын аталып өтілуде. Мерекеге орай Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен өткен шарада қаланың ең үздік 25 кітапханашысы марапатталды.

Үздік мектеп кітапханашылары марапатталды

Кітап пен кітапхана тіршілігіне жан бітіріп, оқырмандар арасын жақындастыра түсетін қызметкерлердің еңбегі еленіп, алғысқа бөленді. Сонымен қатар «Панорама Шымкента» газетінің ұжымы атынан да сыйлықтар үлестірілді.

Ал үздік кітапханашылар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда үлес қосу, түрлі іс-шараларды ұйымдастыра білу, оқушылармен жеке жұмыс жасауда ерекше көзге түсу бойынша іріктеліп алынған. Айта өтейік, облыс бойынша осы салада 1000-ға жуық маман қызмет етсе, оның 129-ы Шымкентте еңбек етуде.