Мұқтаж жандарға көмір таратылды

431
Мұқтаж жандарға көмір таратылды

Биылғы қысқы суыққа Шымкент және Арыс қалаларындағы ондаған отбасы қамданып қойды. Әлеуметтік тұрмысы төмен 300-ден астам отбасының әрқайсысына «Шұғыла» қоғамдық қоры ұйытқы болып, демеушілердің көмегімен 2 тонна көмірден жеткізіп берді. Өткен жылы жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімінің берген тізімімен 150-дей отбасыға осындай көмек берген екен.

Мұқтаж жандарға көмір таратылды

Оразкүл Палпарова екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Тазалық мекемесінде еңбек етіп, табатын жалақысы азық-түлік пен киім-кешеке әрең жетеді екен. Күз келіп, күн суытқалы қыста тоңамыз ба деген үрейі де болған. Енді қайырымды жандардың жәрдемімен екі тонна көмір алып, қуанып қалды.

Шымкент және Арыс қалалары бойынша көмеке мұқтаж 350 отбасы бар екен. «Шұғыла» қайырымдық қоры өзгенің қайғысына немқұрайлы қарамайтын қалталы азаматтарды тауып, сол жетім және жартылай жетім жанұяларға жылулық сыйлауды қолға алыпты.

Көмекке мұқтаж жандарға көмір Шымкент қаласындағы қоймадан жөнелтіліп жатыр. Қор мүшелерінің айтуынша, екі тонна отын бір жанұяға жектілікті болса, енді біріне аздық етеді. Дегенмен, ол азда болса қолдау болып тұр.

Нұрлан Жаңабай