Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

223
Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай күнгейден Елордаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.

Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

Жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімнің құрамында 60 тонна ет және ет өнімі, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімі, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімі, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс және 15 тн басқа да өнімдер бар.

Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылығы керуені аттанды

Керуендегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн теңгені құрайды. Астанада «Хан шатыры» сауда-ойын-сауық орталығы маңында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Оңтүстіктің 50-ден астам тауар өндірушісі сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынады деп күтілуде.

Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылығы керуені аттанды