Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды

396
Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды
Бірінші орын иегері

Оңтүстікте «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі аясындағы республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараға қатысу үшін Шымкентке денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова келді.

Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен жиынға сонымен қатар облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиындықтарына тап болған 250 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде шын мәнінде көмекке зәру 100 мыңнан астам адамға көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты.

Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды

Өз кезегінде сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың 17%-ы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екенін, бұл мәселелерді реттеуде өңірге артылар жауапкершіліктің жоғары екенін жеткізді.

Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды

Биыл аймақтық комиссия 178 өтінішті қарастырып, 32 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды. Құрамына министрліктің, БАҚ-тың өкілдері, парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері кірген іріктеу комиссиясының мүшелері министрлік сайтында берілген дауыстардың нәтижесін есепке ала отырып еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асыруға болатын ең үздік жобаларды анықтады.

Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды

Сонымен, үшінші орынға «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» әлеуметтік жобасының авторы, астаналық тұрғын Анна Рыль ие болды. Оған берілген қаржылай жүлде – 1 млн. теңге.

Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды

Екінші орын Көкшетау қаласында және Красный Яр ауылында тұратын, қозғалыста қиыншылық көретін І топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға үйде паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына берілді. Оның авторы – Василий Шеманский 1,5 млн теңгеге ие болды.

Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды
Бірінші орын иегері

Ал бірінші орын «Онлайн сурдоаударма қызметі» әлеуметтік жобасының авторы алматылық Сергей Махашевке берілді. Жеңімпазға 2 млн. теңге көлемінде жүлде берілді.

Айта кетейік, бұл конкурсқа Оңтүстіктен 10 жоба қатысып, оның үшеуі республикалық деңгейге іріктеліп, ұсынылды.

Республикалық үздік әлеуметтік жобалар Шымкентте анықталды

«Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Үш жыл қатарынан Елордада өткен шара биыл аймақтар арасынан Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет көшпелі форум ретінде ұйымдастырылып, республикалық деңгейде өтіп отыр.