Шымкентте баспасөзге жазылушылар күні өтті

474
Шымкентте баспасөзге жазылушылар күні өтті

Түрлі мерзімдік басылымдардың қызметкерлері, журналистер, пошта тасушылар мен оқырмандар басылымға жазылушылар күнінде кездесті. Бұл іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде дүниежүзілік пошта күні қарсаңында атап өтіледі. Әдеттегідей, бұл жолы да «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттері үстелдерінің алдында адам аз болған жоқ. Түрлі жастағы қалалықтар сүйікті басылымдарына жазылуға келді.

Шымкентте баспасөзге жазылушылар күні өтті

7 қазан күні «Қазпошта» алдында жиналған оқырманның қатары қалың болды. Мұндағы көпшілік өзінің сүйікті басылымы «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттеріне жазылуда. Арасында қарт кісілер, түрлі саланың қызметкерлері және балалар да бар. Өйкені сүйікті басылымда барлық жастағыларға айтар ақпар мен пайдалы мәлімет көп жарияланады.

Шымкентте баспасөзге жазылушылар күні өтті

Мереке күні газетке жазылушыларға түрлі сыйлықтар тарту етілді. Әр жазылушы шараға қатысқан компания өкілдері атынан құрметке бөленді. Сондай-ақ шара барысында газет пен халық арасындағы байланысты үзбей, уақытылы басылымдарды тасымалдап отыратын Казпочта мамандары да марапатқа ие болды.

Айта кету керек, «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттеріне жазылудан ешқашан кешікпейсіз. Төреқұлов көшесі, 15-үйдегі редакцияға, «Қазпошта» бөлімдері мен әріптестерімізге келсеңіз, басылымдарға кез келген уақыттан бастап жазылуға болады.