Жаңа жылу құбырлары қапталуда

432
Жаңа жылу құбырлары қапталуда

Биылғы ерте түскен қыс жылу берушілердің маусымға дайындығын көрсетті. Қаланың біраз аудандарында жылу тиісті мерзімнен өте қосылса, Қожанов көшесі, Землячка өткелі, 4 шағынаудандағы магистралды құбырларды жаңалау салдарынан осы төңіректегі үйлер жылуға 1 қарашадан кейін қосыла алды. Сол жаңа құбырда қазірдің өзінде ақау пайда болған.

Жаңа жылу құбырлары қапталуда

Жаңаланған магистралды құбырлар алдын ала полиуретанмен қапталған. Пайдалану мерзімі жарты ғасырға жететін жүйе енді сыр бермейді дейді жылу берушілер. Громов көшесіндегі жүйеде болған ақау осындағы кәсіпорынның есептегіш құралын істен шығарып алғаны салдарынан болыпты. Мұнда «Қуат жылу орталығы-3» мекемесінің арнайы бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Василий, дәнекерлеуші: «Қазір, міне, жүйе ысырмасын жауып, жылуды өндіріс орнына беруді тоқтатамыз. Сосын есептегіш құралын орнатып береміз. Құрылғыға әркім бір тиісе бергені дұрыс емес. Орнатқаннан кейін ақау болса, мамандарды шақыртқан дұрыс. Күн суытқанда мұндай жұмыстарды істеу қиынға соғатынын кәсіпорын басшылары ескерсе екен.»

Ауа температурасы -11 градусқа төмендегендіктен, орталық жылу жүйесінен берілген жылудың температурасы біршама жоғарылаған. Оны №4 мектептің шаруашылық меңгерушісі Фархат та сезінді. Өйткені өткен аптада есептегіш құралында температура 50 градусқа да жетпейтін. Көңілді жұбататыны – мектеп жылуға төлемді есептегіш құралының көрсеткіші бойынша жасайды.

«Қазір 54 градусты көрсетіп тұр. «Обраткада». Терезелерді жауып жүреміз. «Қуат жылу орталығының» жұмысшылары құбырларды қаптау керек. Кеше ғана сырлап қойды.»

Ендеше, сәуірден бастап жылыту маусымына дайындықты бастап кеткен қала әкімдігінің жұмысшылары құбырларды толық қаптамай, даланы жылытып жатқандай. Осыған ашынып, мардымды жылуға жарымаған мына үйдің тұрғындары дербес жылыту қондырғысын орнатып алыпты.

Айта кетейік, Абай ауданында бүгінде 400-ден астам көп қабатты үй орталық жылу жүйесіне қосылған. Күрделіктер туындаған 4 шағынауданындағы – №14, Желтоқсан көшесіндегі №26 үйлерде жылу жүйелері ретке келітіріпті. Әкімдік өкілдерінің мәліметтеріне сенсек, қалада айтарлықтай жылуға қатысты проблема жоқ.