25-26 желтоқсан күндері Шымкентте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

454
Жексенбілік жәрмеңке

Биылғы желтоқсан айының 25-26 жұлдызында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа жыл қарсаңындағы жәрмеңкеге 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысып, жалпы құны 96,3 млн теңгені құрайтын 167 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады деп жоспарланып отыр.

Оның ішінде:
– Ет және ет өнімдері – 62 тонна;
– Көкөніс – 57,5 тонна;
– Картоп – 15,5 тонна;
– Сүт өнімдері – 5 тонна;
– Шұбат – 1 тонна;
– Жұмыртқа – 10 мың дана;
– Басқа да өнімдер – 15 тонна;
– Балық – 2 тонна,
– Кептірілген жеміс – 4 тонна.

Бұл тауарлар нарықтағы бағадан 15-20% дейін арзан сатылды деп уәде береді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкенің өтетін орындары:

1) Қажымұқан стадионы;

2) «1000 ұсақ-түйек» базары;

3) «Әсел» базарының алдында.