Шымкент қалалық әскери комиссариатына жаңа ғимарат салынады

647
Шымкент қалалық әскери комиссариатқа жаңа ғимарат салынады

Шымкент қалалық әскери комиссариатқа жаңа ғимарат салынады. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық әскери комиссариатта болды. Жұмыс сапары барысында мекеменің жұмысымен танысып, барша әскери ұжымды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады.

Шымкент қалалық әскери комиссариатқа жаңа ғимарат салынады

Сондай-ақ, ел егемендігін сақтауда әскери күштерінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Мереке құрметіне орай қала әкімі аталған мекемеге жаңа «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта мекеме қызметкерлеріне арнап Нұртас шағынауданы аумағынан жаңа кеңсе ғимараты салынатынын жеткізді. Қазіргі таңда осы мақсатта 1 гектар жер бөлініп, нысанның нобайы дайындалды.