Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

867
Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында «ShymkentPlaza» кешенінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи үлгіде бой көтерген кешеннің ашылу рəсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал бірқатар азаматтар жəне өңіріміздің кəсіпкерлері қатысты.

Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

Шымкенттіктердің қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Жансейіт Түймебаев барша тұрғындарды тəуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойымен құттықтады.

Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

– Бұл орталықтың ашылуы ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында үлкен оқиғаға баланып отыр. Мұны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін жерлесіміз кәсіпкер Серік Төлбасов мырзаның керемет сыйы деп айтуға болады. Осындай ғимараттар көп бола берсе, қаламыздың сәні кіріп, әрлене түседі. Халқымыздың демалатын орны молая береді. Бұл да болса Елбасымыздың кәсіпкерлікке жасаған қамқорлығының арқасында іске асып отырған дүние, – деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

Аталған орталықтың құрылысына жеке инвестиция жұмсалған. Халықаралық деңгейдегі ерекше орталықта 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Жалпы аумағы 48 мың 400 шаршы метрді құрайтын сауда ойын-сауық орталығы Шымкент қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының біріне айналып отыр. Жобаның құрылысы әлемдік деңгейдегі ірі сауда орталықтарының жобалық авторлары болған әйгілі ұлыбританиялық Benoy архитектуралық компаниясының әзірлеуімен іске асырылған.

Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

Енді мұнда «Chopette», «Orchestra», «New Yorker», «Lichi» сынды әлемдік брендтердің өнімдері саудаланады. Сондай-ақ орталыққа келушілер әйгілі «KFC» және «Hardees» тамақ өндірушілерінің өнімдерін тұтынатын болады.

Шымкентте ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды