Мәжілісмен Бақытжан Ертаев Шымкенттегі «Зерде-керамик» зауытында болды

361
Мәжілісмен Бақытжан Ертаев Шымкенттегі

Шымкенттегі керамогранит плиталарын шығаратын кәсіпорын республикада жалғыз саналады. Былтыр сәуірде қайта іске қосылған зауытқа таяуда Халық қаһарманы, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев атбасын бұрды.

Мәжілісмен Бақытжан Ертаев Шымкенттегі "Зерде-керамик" зауытында болды

Бақытжан Ертаев: «Мына зауытта болып, Қазақстан үшін мақтанамын. Елбасына берген уәдесіне берік жігіттер екен. Таңертең қаланың іргесіндегі Достық шағынауданындағы мектептің құрылысымен танысқан едік. Сонда ғимараттың еденіне Шымкентте шығарылатын керамограниттер төселеді деген еді. Мен сенбедім. Сондықтан осында келіп, өз көзіммен көрдім. Зауыт жұмыс істеп тұр. Уәдесінде тұрған ұжым басшылығына алғысым шексіз.»

Екі жылда мұнда 3 млн шаршы метр құрылыс материалы шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы «Азия керамик» кәсіпорны түркиялық кәсіпкерлерге тиесілі болатын. Алайда көп уақыт ұзамай өндіріс тұралап тоқтап қалды. Сонда жергілікті кәсіпкерлер зауытты қайта іске қосамыз деп уәде де берген. Сөзінде тұрды. Бүгінде «Зерде керамик» зауытында жылына 2,5 млн шаршы метр өнім шығарылады.

Мәжілісмен Бақытжан Ертаев Шымкенттегі "Зерде-керамик" зауытында болды

Нұрлан Дүйсенбеков, зауыт өкілі: «2017 жылдың соңына дейін Шымкентте тағы бір зауытты ашпақ ойымыз бар. 2,5 млн шаршы метр керамогранитті плита шығаратын зауыт Ақтөбеде де бой көтермек. Жоспарларымыз іске асатынына сенімдіміз.»

Зауыттың дайын өнімдері бүгінде Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғыстанға экспортталуда. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын өткізуге Ресей мемлекетімен де келісім жүргізілуде. Мәжілісмен мемлекеттің қолдауымен оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер өңірдің экономикасын дамытуға атсалысып жатқанын көріп қайтты.