«ПетроҚазақстан» компаниясы студенттерге тарту жасады

493

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу компаниясы кезекті рет қайырымдылық шарасына ұйтқы болды. Білікті мамандарды даярлау үшін жоғарғы оқу орындарының базасы заманауи талаптарға сай болуы керек деген компания өкілдері қаламыздаєы жоғары оқу орындарының біріне тарту жасады.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» кафедрасының құрылғанына 30 жылдан асты. Осы уақыт аралығында кафедра ұжымы «Петро Қазақстан» компаниясымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Яғни компания басшылығы кафедра студенттеріне қажетті жаңа құрал-жабдықтарды алып беріп, қолдауын үзген емес. Бұл жолы мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын, оның физикалық, химиялық қасиеттерін анықтайтын 6 құрылғы алып берді.

"Петро Қазақстан" компаниясы студенттерге тарту жасады

Бұлар – оқу процессіне ең қажет құрылғылар. Компания ұжымы бұл заттарды кафедраның сұранысымен алып келеді. Теория мен практиканы қатар алып жүруді көздеген мамандар құрылғылармен қатар 371 дана техникалық оқу құралын да жеткізіп отыр.

Бұл дегеніңіз – компания ұжымының салаға қажетті маман дайындауға қосып жатқан үлесі шексіз. Кафедра студенттері практика сабақтарын зауытта өтеді. Айта кетейік, бүгінде зауыт қызметкерлерінің 80 пайызынан астамы – осы кафедраның түлектері. Сондықтан, кәсіпорын мамандарының сапалы білім алуына осы бастан қолдау көрсетудің қайтарымы болары анық.

Жанерке Хұмар