Оңтүстікте өнеркәсіп көлемі артады

223
Оңтүстікте өнеркәсіп көлемі артады

Биыл Оңтүстікте өнеркәсіп көлемін ұлғайту мақсатында жаңадан 20 жоба іске аспақ. Нәтижесінде өңірде өнім көлемі 2-3 пайызға дейін артады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында берген есебінде мәлімдеді. Өңір басшысы, әсіресе, шет елдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынасты күшейтпек. Былтырдың өзінде 980,6 млрд теңгеге инвестиция тартылған. Олардың басым көпшілігі – өнеркәсіп нысандары.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі: «Облыстың әлеуетіне қарай біз атқаратын жұмыстар нақты болу керек. Бірінші мәселе – жұмыссыздықты жою. Одан кейін бұл проблеманы шешу үшін шағын және орта бизнес көздерін дамыту керек. Және кооперативтерді дамыту жағын да жоспарлап отырмыз.»

Жоспарларды түзеген облыс басшысы түрлі саланың мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Оңтүстік бизнесті дамытуға қолайлы аймақ болғандықтан, кәсіпорындар қатарын арттыру арқылы көптеген әлеуметтік мәселелердің күрмеуі шешілетінін жеткізді.