Шымкентте тағы бір саябақ ашылады

538
Шымкентте тағы бір саябақ ашылады

«Шатқал» бағдарламасы бойынша  Шымкентте тағы бір саябақ салынады.  Бұл үшін жергілікті билік өкілдері Нұрсәт шағынауданындағы қараусыз қалған аймақты гүлдендіріп, халық демалатын орынға айналдырмақ. Облыс басшылығының сөзінше, бұл саябақ өзгелерден ерекше болмақ. Өйткені мұнда тұрғындардың демалып, серуендеуі үшін барлық жағдай жасалады.

Жаңа саябақтың аумағы – 25 гектар.  Демалыс аймағының құрылысына қала бюджетінен 500 миллион теңге бөлінеді. Бұл саябаққа алғашында 500 түп ағаш егіледі деп жоспарлануда. Одан кейін ағаш егу жұмыстары тоқтатылады. Өйткені құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржыға балалар, ойын алаңшары салынады деп жоспарлануда.

Шымкентте тағы бір саябақ ашылады

Бұл шатқалдың басқаларынан ерекшелігі көп. Мұнда саябаққа қажеттінің барлығы орнатылады. Құрылыс нәтижесінде шахмат және дойбы алаңы, 1 шақырымдық веложол төселмек. Сондай-ақ, амфитеатр, 8 субұрқақ, 3 кафе мен жазғы демалыс орындары, спорттық жаттығу алаңдары бой көтеретін болады.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі: «Біз «Шатқал» бағдарламасы аясындағы үшінші саябақтың іргетасын қаладық. Бұл Наурыз мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына тарту ретінде ұсынылып отыр. Алдағы уақытта дәл осындай 14 саябақтың іргетасы қаланатын болады. Енді ашылатын саябақтарға шығыстың Фараби, Фердауси, Физули сынды атақты ғұламаларының есімдерін беруді ойластырып отырмыз. Ондағы мақсат – саябақтарды халықтың тек демалыс орны емес, рухани ләззат алып, серпілетін мәдени мекенге айналдыру.»

Саябаққа құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қазір  нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Құрылыс 2017 жылдың ішінде бітуі тиіс. Айта кетейік, бұл – Шымкент қаласындағы үшінші шатқал.

Мұндай демалыс орындарын абаттандыру жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталмақ. Шатқал бағдарламасы негізінде жүзеге асып жатқан бұл жобалардың нәтижесінде қаладағы экологиялық ахуал жақсарады деп күтілуде.